Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті Құрылыс және инвестициялар статистикасы басқармасының жетекші маманы (C-O-6 санаты, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 5 қыркүйекке дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы, «В» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Қарағанды облысы
180517
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-6 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізеді. Құрылыс және инвестиялар статистикасы бойынша респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүргізеді. Статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес таратылуы тиіс, статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты таратуды жүзеге асырады. Құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша статистикалық нысандар бойынша респонденттермен оқыту семинарларына қатысады. Құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша респонденттерге және аумақтық басқармалардың мамандарына әдістемелік көмек көрсетеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
БЛОК В
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.ryskulova@aspire.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты
-
87172749530