Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің жетекші маманы (C-O-6 санаты, 1 бірлік, "В" функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Атырау облысы

Санат

С-О-6 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

180517

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-6 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмыс жоспарының жасақталуына қатысу және орындалуын қамтамасыз ету. Бөліммен қалыптастырылатын статистикалық жарияланымдардың уақытылы және сапалы дайындалуын қамтамасыз ету. Алғашқы статистикалық деректердің респонденттермен он-лайн режимінде ұсынылуын арттыру шараларын қабылдау. Алғашқы статистикалық деректердің сапасын қамтамасыз ету. Статистикалық бизнес-тіркелімді жаңғырту, респонденттердің статистикалық байқаулармен толық қамтылуын қамтамасыз ету. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын сақтау. Бөлім құзыреті шегінде келіп түскен сұраныстарға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау. Бөлім құзыреті шегінде респонденттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау (профилактикалық бақылау) жүргізу. Бөлімнің істер номенклатурасын жасақтау және мұрағатқа жіберілетін құжаттарды дайындау. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және бас маман болмаған жағдайда, оның міндетін атқару.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 03.11.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.11.2023 – 14.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10МВ

Сұхбаттасу күні

21.11.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

87172749530