Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті Департаменттің Қонаев қаласындағы өкілдігінің басқарма басшысы, №ПДВГҚ-1 бірлік
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Алматы облысы
317807
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда үш жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Қаржы
- Мемлекеттік басқару
- Қаржы және кредит
- Экономика және менеджмент
Қосымша талаптар
Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит
Функционалды міндеттер
Басқарма жұмысына басшылық ету; баға статистикасы бойынша санақты, біржолғы зерттеулерді, статистикалық бақылауларды ұйымдастыру және жүргізу; статистикалық деректер бойынша ай сайын ақпаратты департамент басшысына жолданғанын бақылау; талдамалы және тексеру жұмыстары жоспарын жасау; басқармада іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және бақылау; еңбек және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылау; Алматы облысы әкімі аппараты және жергілікті атқарушы органдардың статистика мәселелеріне байланысты өткізетін жиындарына, жұмысшы комиссиясына және басқа іс-шараларға қатысу; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау, қарау және әкімшілік жаза қолдану; статистикалық мәліметтер базасының және ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде жұмыс істей білу. Функционалдық блок - А.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.ryskulova@aspire.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты
-
8(7172)749530