Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Заң департаменті Нормативтік құқықтық актілерді сараптау және мониторингілеу басқармасының бас сарапшысы (C-4 санаты, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 15 шiлдеге дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы, "А" функционалдық блогы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Ұлттық статистика бюросының қызметі мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу, оларды тиісті органдардың қарауына енгізу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының перспективалық және ағымдағы жоспарларының жобаларын қалыптастыруға қатысу. Қабылданған заңдарды іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерді уақтылы әзірлеуді және қабылдауды қамтамасыз ету. Басқарманың құзыреті шегінде Ұлттық статистика бюросы әзірлейтін заңдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, өкімдері және басқа да нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, сондай-ақ ұлттық статистика бюросының құрылымдық бөлімшелерін басқаруға келісуге ұсынылатын бірлескен бұйрықтарға құқықтық сараптама жүргізу. Заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтау. Мемлекеттік статистика саласындағы заңнаманы насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда алдын алу шараларын қолдануға арналған жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға, Ұлттық статистика бюросында жалпыға бірдей құқықтық оқу өткізуге қатысу. Қазақстан Республикасының заң жобаларына ғылыми экономикалық сараптама жүргізуді және Ұлттық статистика бюросы әзірлеген нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді талап етпейтін нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкіне жіберуді және орналастыруды қамтамасыз ету. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жіберуді қамтамасыз ету. Өз құзыреті шегінде Басқарма, Департамент, Ұлттық статистика бюросы, Агенттік басшылығының тапсырмаларын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.10.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.10.2023 – 19.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

87172-749530