Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаменті Кадр жұмысы және респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (C-O-4 санаты, 1 бірлік, функционалдық блогы "В" )
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Жетісу облысы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқық
- Математика және статистика
- Қызмет көрсету (білім беру саласы)
- Информатика
- Құқықтану
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Функционалды міндеттер
Бөлім жұмысына басшылық жасау, Бөлім қызметін ұйымдастыру және үйлестіру кадрлар
мониторингін ұйымдастыру; Әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың бос орындарына
конкурстар өткізу, мемлекеттік басқару органдарына есептер тапсыру, Департамент
басшылығының бұйрық, нұсқаулары мен тапсырмаларын орындау; Мемлекеттік қызмет
мәселелері бойынша іс қағаздарын жүргізуді, Департаментте кадрлармен жұмысты
ұйымдастыру және есепке алу. Жұмыс мерзімін есепке алу табелін жүргізуді қадағалау; Қызмет
қызметкерлері арасындағы міндеттерді бөлу, іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру; Құқықтық
жұмыстарды жүзеге асыру (шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын
елді мекендерге шығу арқылы нақтылау 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан
Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес тексеріс ұйымдастыру және жүргізу
талаптарына сәйкес жүзеге асыру); Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік
дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды іске асыру. Қолданылып жүрген Қазақстан
Республикасының заңдылықтарын ұйымдастыру, насихаттау және түсіндіру,
құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру; заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі
шараларды қолдануды қамтамасыз ету; Әкімшілік құқық бұзушылық ісін қозғау, қарау
және әкімшілік жаза қолдану туралы материалдарды қарау кезінде салалық
басқармалармен өзара іс-қимылда болу. Жоғары тұрған органдарға, респонденттерге есептілікті
(ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) белгіленген тәртіппен кеңес беру; Әкімшілік
істер бойынша сот процестеріне қатысу. Мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде
жұмыс істей білу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.ryskulova@aspire.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты
-
8(7172)749530