Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті Абай ауданының Статистика басқармасының басшысы (C-O-3 санаты, 1 бірлік, «А» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Қарағанды облысы
317807
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда үш жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне басшылық етеді, басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына, басқармадағы атқарушылық және еңбек тәртібінің жағдайына жеке жауапкершілік жүктеледі.
Басқарманың қызметін жоспарлауды жүзеге асырады, басқарма жоспарының орындалуын бақылайды және қамтамасыз етеді. Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастырады, бақылайды және өткізеді. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздердің қатысуынсыз профилактикалық бақылау нысанында басқарманың құзіретіне кіретін мәселелелер бойынша мемлекеттік басқару ұйымдастырады, бақылайды және жүргізеді. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы респонденттердің қатысуынсыз профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады, бақылайды және жүргізеді. Ұлттық санақтар жоспарын іске асыруды ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды. Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде ақылы қызмет көрсету шартын орындау бойынша интервьюерлердің жұмыстарын ұйымдастырады, бақылайды. Респонденттермен және интервьюерлер мамандармен оқыту семинарын жүргізу бойыша жұмысты ұйымдастырады, жүргізеді және бақылайды. Респонденттерге және интервьюерлер-мамандарға әдістемелік көмек көрсетеді. Қазақстан Республикасының заңнамалықтарына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.ryskulova@aspire.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты
-
8(7172) 749530