Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті Тіркелімдер басқармасының басшысы (C-O-3 санаты, 1 бірлік, «А» функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Алматы облысы

Санат

С-О-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

317807

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда үш жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Информатика
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Бухгалтерлік есеп және аудит
  • Экономика және менеджмент

Функционалды міндеттер

Басқарма жұмысына басшылық ету; Әкімшілік мәліметтерді алу үшін Әділет органдары мен мемлекеттік кірістер департаментімен өзара байланыста болу. Заңды тұлғалардың, филиалдардың, өкілдіктердің және жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мәліметтерін өңдеу; Статистикалық тіркелімдер бойынша жиналуды, жүргізуді және ақпараттық статистикалық мәліметтер базасын жаңғыртуды қамтамасыз ету; Тіркелімдер статистикасы мәселесі бойынша салалы басқармалармен нұсқаулық семинарларды өткізуді ұйымдастыру, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету, тіркелімдерді жүргізу туралы бақылау шараларын өткізу; Құқықтық жұмыстарды жүзеге асыру (шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын елді мекендерге шығу арқылы нақтылау 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес тексеріс ұйымдастыру және жүргізу талаптарына сәйкес жүзеге асыру); әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы  заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау, қарау және әкімшілік жаза қолдану; статистикалық мәліметтер базасының және ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басқару; мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде жұмыс істей білу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.10.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.10.2023 – 12.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172)749530