Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тіл басқармасының бас сарапшысы (C-4 санаты, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2024 жылғы 30 шілдеге дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы, «С» функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Математика
  • Информатика
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Статистика

Функционалды міндеттер

Бюроға келіп түсетін барлық хат-хабарларды қабылдау, бастапқы өңдеу; азаматтардың өтініштерін, шағымдары мен арыздарын  тіркеуді қамтамасыз ету; «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттар мен басылымдарды қабылдау мен есепке алуды (тіркеуді) қамтамасыз ету; Бюро басшылығы бекіткен графикке сәйкес Бюро басшылығының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыруды қамтамасыз ету; «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар  іс жүргізуі аяқталған істерді ведомстволық архивке тапсыруды қамтамасыз ету; Бюро басшылығының визасы бойынша хат-хабарларды жаңа мекенжайға жіберу және Бюро басшылығының бұрыштамасына сәйкес Бюроның құрылымдық бөлімшелеріне тарату; азаматтардың және ұйымдардың хаттары, өтініштерімен жұмыс істеу; жоғары тұрған органдар ПӘ, ПМК тапсырмаларымен жұмыс, Бюроның құрылымдық бөлімшелерінде істердің дұрыс қалыптастырылуын қамтамасыз ету, құжаттардың қозғалысы, олардың орындалуы, істерді Бюроның архивіне дайындау және беру; Істер номенклатурасын әзірлеуге қатысу; «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттар мен басылымдарды қабылдау мен есепке алуды (тіркеуді) қамтамасыз ету және Бюро басшылығының бұрыштамасына сәйкес Бюроның құрылымдық бөлімшелеріне бөлу. Шығыс хат-хабарларды БҚА-да тіркеу, пошталық және курьерлік байланыс ұйымдары арқылы Бюроның шығыс хат-хабарларын жөнелту бойынша жұмыстар; мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту бойынша жұмыстарды жүргізу, тілдер туралы заңнаманы сақтау; заң жобаларының, нормативтік-құқықтық актілердің, Бюро басшылығының бұйрықтары жобаларының, статистикалық материалдардың, ағымдағы хаттардың, баяндамалардың, баспасөз хабарламаларының мемлекеттік тілдегі аудармасының түпнұсқаға сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; Басқарма жоспарларында көзделген жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету; Бюроның ҚР тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі тиісті жылға арналған іс шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту; Агенттікке ҚР тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы ақпаратты дайындау, Бюродағы және оның аумақтық органдарындағы тілдік жағдайға (іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуін) талдау және мониторинг жүргізу; мемлекеттік тілді насихаттау және оқыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру; Басқарма жұмысының жылдық жоспарын қалыптастыруға қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.10.2023 – 17.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)749530