Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Ақпараттық технологиялар департаменті ақпараттық жүйелерді үйлестіру және интеграциялау басқармасының бас сарапшысы (C-4 санаты, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2024 жылғы 30 маусымға дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы, «В» функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Математика
  • Физика
  • Информатика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмыс жоспарында қарастырылған жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру. Бюро ақпараттық жүйелерінің мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын  бақылау және ұйымдастыру. Статистикалық процестерді жүргізу саласында ақпараттық жүйелер мен технологияларды құру, дамыту және жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Статистикалық процестерді және ақпараттық жүйелер мен технологияларды құру және дамыту бойынша ұсыныстарды дайындау. Ақпараттық жүйелер бойынша құжаттаманы  әзірлеуге қатысу. Өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бюроның бюджеттік бағдарламаларын жоспарлауға қатысу. Алдағы үш жылдық кезеңге Бюроның ақпараттандыру бөлігінде бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысу, бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеуге қатысу. Бюроның ақпараттық технологияларға байланысты тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға арналған техникалық ерекшеліктерін әзірлеу жұмыстарына қатысу Экономика салалары бойынша міндеттер қою бойынша келісуге қатысу,Бюроның ақпарттық жүйелерін түзету және модификациялау бойынша міндеттер қою бойынша келісуге қатысу. Ақпараттандыру және цифрландыру бөлігінде ішкі және сыртқы жобаларды әзірлеу бойынша қатысу. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау бойынша нормативтік-құжаттарды әзірлеу және келісуге қатысу; статистика саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.10.2023 – 17.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)749530