Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының бас сарапшысы (C-4 санаты, 1 бірлік, «В» функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Математика
  • Физика
  • Информатика
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмыс жоспарында көзделген жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру; Бюроның Ақпараттық қауіпсіздік саясатының орындалуын қамтамасыз етуді бақылау және ұйымдастыру; Бюроның активтерін басқарумен байланысты рәсімдерді жүргізу; Бюроның ақпараттық қауіпсіздік тәуекелі мен қауіп-қатерлерін басқарумен байланысты жүргізу; Бюроның ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті ұйымдастыруға өтінімдерді тіркеу және тексеру; Қазақстан Республикасының бекітілген Заңнамасына сәйкес сәйкестендірілмеген деректер қорларының құпиялылығының сақталуын тексеру; Бюро және оның аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі мен ақпараттық жүйелерге, телекоммуникациялар жүйелеріне, есептеуіш және ұйымдастыру техникаларына техникалық қолдауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау; Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманы  әзірлеуге қатысу; Басқарма құзіреті шеңберінде Бюроның бюджеттік бағдарламаларын жоспарлауға қатысу; мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және келісуге қатысу; статистика саласында нормативтік құқықтық актілерді  әзірлеуге қатысу; Бюроның жоспарлық және есепті құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және олардың орындалуына мониторингті жүзеге асыруға қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету; өз құзыретінің шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге жіберілген азаматтарға қатысты тексеру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету; мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; өз құзыретінің шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы басқа да мәселелерді шешу; құпия іс қағаздарын, түскен және дайындалған құжаттарды есепке алуды және тіркеуді жүргізу, сондай-ақ олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру; ведомстволық аумақтық статистика органдарында мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру, рұқсат алу үшін арнайы сараптама жүргізу; ведомствоға бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне семинарлар, нұсқаулықтар және тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.10.2023 – 17.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)749530