ҚР ҰЭМ СК Батыс Қазақстан облысының Статистика департаментінің еңбек статистикасы басқармасының басшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне, 2022 жылғы 3 желтоқсанға дейін)

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-3 (Басқарма басшысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

141576 - 191482

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Информатика
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика

Қосымша талаптар

Мынадай құзыреттердің бар болуы:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Функционалды міндеттер

Басқарма жұмысын жүктелген міндеттерге сәйкес ұйымдастыру және мамандарға жүктелген жұмыстар мен функциялардың орындалуын бақылау; еңбек статистикасы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы статистикалық бюллетеньдер, жедел-ақпараттар, баспасөз хабарламасын дайындау; еңбек статистикасы бойынша ақпараттық-статистикалық дерекқорды  жинақтау және жаңғыртуды қамтамасыз ету; заңды және жеке тұлғалар үшін жиынтық статистикалық ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету; еңбек статистикасы  бойынша статистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету; еңбек статистикасы бойынша статистикалық байқаулар (Еңбек бойынша есеп, (1-Т), Құрылымы және жалақыны бөлу туралы есеп (2-Т (еңбекақы), Зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны туралы есеп, (1-Т (Еңбек жағдайы), Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілік және саны туралы есеп (1-Т (бос жұмыс орны) мәліметтерінің дерекқорын қалыптастыруды ұйымдастыру, бақылау;  статистикалық байқау әдіснамасына сәйкес бастапқы статистикалық мәліметтерді түзету және қадағалау; еңбек статистикасы бойынша мәліметтерді зерделеу, қорытындылау және талдау, іріктеп зерттеу қорытындыларына талдау жүргізу (Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы (Т-001), Лайықты еңбек (Т-004), салалық каталогтерді жүргізу және оны жаңғыртуды жүзеге асыру;  халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы бойынша аудандық және қалалық интервьюерлермен жұмыс және әдістемелік көмек көрсету,  жеке және заңды  тұлғалардың өтініштерін қарау, ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік статистика мәселелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру;басқарма номенклатурасына сәйкес мұрағатқа құжаттар дайындауды ұйымдастыру; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау; жұмысты талдау және ұйымдастыру қабілеті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.06.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.06.2020 – 02.07.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті» РММ: 090001 Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 үй

Анықтама алу үшін байланыс

( 8-7112) 50-95-25