ҚР ҰЭМ СК Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті құрылымдық статистика басқармасының жетекші маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне, 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін)
Батыс Қазақстан облысы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
- Информатика
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
Қосымша талаптар
Мынадай құзыреттердің бар болуы:
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Функционалды міндеттер
статистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету; АСБ және респонденттермен жұмыс басқармасынан алынған бастапқы статистикалық деректер қорының негізінде құрылымдық статистика бойынша ((1-МКҰ(тоқсандық, жылдық), 2-ШК(тоқсандық, жылдық), КСВ-1 (тоқсандық), КТР-1(тоқсандық), КТУ-001 (тоқсандық), 1-ИП (жылдық)) статистикалық байқаулар деректер қорын қалыптастыру; статистикалық байқаулар әдіснамасына сәйкес бастапқы статистикалық деректерді түзету және бақылау; статистикалық деректерге зерттеу, қорытындылау және талдау жасау; алғашқы статистикалық деректерді тапсыру мерзімін сақтамаған, сондай-ақ анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсынған респонденттерге қатысты, респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізу және бақылау нәтижелері бойынша қорытынды рәсімдеу; бюллетень мен статистикалық материалдар дайындауға қатысу; статистикалық тіркелім деректерін өзектендіруге қатысу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету; мұрағатқа тапсыру үшін құжаттарды қалыптастыру; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 үй
-
( 8-7112) 50-95-25