Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті директорының орынбасары (C-2 санаты, 1 бірлік, "А" функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
611721
Жалпы біліктілік талаптары
С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Агрономия
- Жерге орналастыру
- Математика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Экология
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Металлургия
- Геодезия және картография
- Машина жасау
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Аграрлық техника және технология
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Өнеркәсіп, құрылыс, инвестициялар және қоршаған орта статистикасын қалыптастыру жөніндегі өкілеттіктер шегінде жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру. Кең ауқымды пайдаланушыларды, оның ішінде мемлекеттік органдарды белгіленген тәртіппен статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету; Департаменттің құзыретіне кіретін статистикалық жұмыстар жоспарының бөлігінде уақтылы және сапалы орындалуын бақылау. Өнеркәсіп, құрылыс, Инвестициялар және қоршаған орта статистикасын дамыту жоспарлары мен стратегияларын қалыптастыру кезінде ұсыныстарға қатысу және әзірлеу, Департаменттің ағымдағы жоспарларының орындалуын бақылау;жаңа әдістемелерді әзірлеу, өнеркәсіп, құрылыс, инвестициялар және қоршаған орта статистикасының жаңа көрсеткіштерін өндіру кезінде үйлестіру; өндіріс және қоршаған орта статистикасы көрсеткіштері жүйесінің тұтастығын, дұрыстығын және жеткіліктілігін қамтамасыз ету; халықаралық стандарттарға сәйкес көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар.
Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомствоаралық жұмыс топтарына және халықаралық жобаларға қатысу; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын бақылау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.ryskulova@aspire.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты
-
74-95-30