Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары, C-2 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2024 жылғы 14 сәуiрге дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы, "А" функционалдық блогы )

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-2 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

611721

Жалпы біліктілік талаптары

С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Математика
  • Физика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқармаларға басшылық ету, Басқармалар қызметін ұйымдастыру және үйлестіру. Департаменткеи жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуына, еңбек тәртібінің  сақталуына жауапты.

Бюро ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін және техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етуді бақылау және үйлестіру. Бюроның ақпараттық жүйелер мен технологияларын құру, сүйемелдеу, дамыту және жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру.Бюроның деректер базасымен жұмысты үйлестіру. Бюроның бағдарламалық-аппараттық қамтамасыз ету, функционалдық қызмет шегінде тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді, мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Бюро ақпараттық жүйелерінің мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын  бақылау және ұйымдастыру. Департамент қызметкерлері дайындайтын құжаттардың сапасын және уақтылығын бақылау. Басшылықтың тапсырмаларының сапалы және уақытында орындалуын бақылау. Бюро басшылығының тапсырмасы бойынша, өз құзыретінің шеңберінде басқа мемлекеттік органдарда және мекемелерде Бюро атынан өкілдік ету. Өз құзыреті шегінде халықаралық жобаларға қатысу. Қазақстан Республикасының статистика мәселері бойынша нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу. Статистикалық өндірісте бірыңғай стандарттар қолдануды қамтамасыз етуді бақылау. Өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бюроның бюджеттік бағдарламаларын жоспарлауға қатысу. Алдағы үш жылдық кезеңге Бюроның ақпараттандыру бөлігінде бюджеттік өтінімдерін қалыптастыруды ұйымдастыру, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімін ұйымдастыру, бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеуге қатысу. Ақпараттық технологиялар саласындағы әлемдік тәжірибені зерделеу және талдау. Тапсырыс берушінің өкілі ретінде «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ақпараттық есептеу орталығы» РМК-мен, сонымен қатар басқа да мердігерлік мекемелермен, өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Бюроның жоспарлық және есепті құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және олардың орындалуына мониторингті жүзеге асыруын бақылау. Ақпараттандыру және цифрландыру бөлігінде ішкі және сыртқы жобаларды әзірлеу бойынша қатысу. Экономика салалары бойынша міндеттер қоюды келісуге қатысу, Бюроның ақпараттық жүйелерін  түзету және модификациялау бойынша міндеттер қоюды келісуге қатысу. Ақпараттық жүйелерді дамыту бойынша техникалық тапсырмаларды әзірлеу. Статистикалық ақпаратты өндіруде техникалық бөлігінде процесстерді мониторингілеу және бақылау. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды дайындауға қатысу. Статистикалық ақпаратты өндіру үшін экономиканың барлық салалары бойынша әдістемелерді келісу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 27.09.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.09.2023 – 02.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30MB

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

74-95-30