Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Сауда, көлік, байланыс, қызмет көрсету статистикасы және құрылымдық статистика бөлімінің бас маманы (C-O-5 санаты, 1 бірлік, "А" функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Тілдер және әдебиет
- Әлеуметтік ғылымдар
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Математика және статистика
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Инженерия және инженерлік іс
- Сәулет және құрылыс
- Агрономия
- Мал шаруашылығы
- Орман шаруашылығы
- Агроинженерия
- Көлік қызметтері
- Математика
- Информатика
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Металлургия
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Пайдалы қазбаларды байыту
- Туризм
- Әлеуметтік жұмыс
Қосымша талаптар
сонымен қатар көлік және орман инженерлік іс мамандықтары бойынша
Функционалды міндеттер
Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құрылымдық статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізеді. Статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес таратылуы тиіс, статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құрылымдық статистикасы бойынша статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты таратуды жүзеге асырады. Жалпы мемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде өтеулі қызмет көрсету шартын орындау бойынша интервьюерлердің жұмысын бақылайды. Ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құрылымдық статистикасы бойынша респонденттермен және отын мен энергияны тұтынуы статистикасы бойынша интервьюерлермен оқыту семинарларын өткізеді. Ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құрылымдық статистикасы бойынша респонденттерге және аумақтық статистика бөлімдерінің мамандарына әдістемелік көмек көрсетеді. Бөлімнің негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, мемлекеттік органдардың сұраныстарын қарауды және жауаптарды уақытылы және сапалы дайындауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңнамалықтарына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.ryskulova@aspire.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты
-
8(7172)74-95-30