Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасының жетекші маманы (C-O-6 санаты, 1 бірлік, "В" функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-О-6 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

180517

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-6 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Тұрмыс деңгейі статистикасы, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша есептілік нысандарын жинау және өңдеу, респонденттер мен интервьюерлер ұсынатын есептердің түрлері бойынша деректерге тоқсан сайын талдау жүргізу. Интервьюерлерге тұрмыс деңгейі статистикасы бойынша практикалық көмек көрсету, олардың жұмысына, статистикалық жұмыстарды орындау, есепті деректердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыру. Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы бойынша консультация беру  және интервьюерлерге арналған оқыту семинарларын ұйымдастыруға қатысу. Интервьюерлермен және респонденттермен қажетті жұмыстарды жүзеге асыру (түсіндіру, қоңырау шалу, тарату, семинарлар, вебинарлар және т.б.).  Респонденттерге бармай, профилактикалық бақылау нысанында респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылуына қатысу

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.09.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.09.2023 – 06.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30MB

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-95-30