Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті Ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасының жетекші маманы (C-O-6 санаты, 1 бірлік, "В" функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
180517
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-6 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
сонымен қатар менеджмент, бухгалтерия, экономика орта білімнен кейінгі мамандықтары бойынша
Функционалды міндеттер
Статистикалық жұмыстар жоспарын, басшылықтың бұйрықтарын, тапсырмаларын орындау. Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге және респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу. Респонденттерді статистикалық байқаулармен қамту және Статистикалық бизнес-тіркелімді көкейтесті ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және орындау. Респонденттерден қағаз жеткізгіштерде алынған алғашқы статистикалық деректерді тиісті ақпараттық жүйеге енгізуді жүзеге асыру. Семинар-кеңестер, экономикалық оқуларды өткізуге дайындалу және қатысу. Жинақтар, жылнамалар, бюллетеньдер, жедел ақпараттар, талдау жұмыстары және баспасөз хабарламаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға дайындау және басып шығаруға қатысу. Респонденттерге, аудандық (қалалық) статистикалық басқармаларының мамандарына, интервьюерлерге тәжірибелік және әдіснамалық көмек көрсету. Сұраныстар мен хаттарға жауаптарды уақытында дайындауды қамтамасыз ету. Құжаттарды мұрағатқа тапсыру және ісқағаздар жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.ryskulova@aspire.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты
-
8(7172)74-95-30