Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Баға статистикасы, тіркелімдер және статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс бөлімінің бас маманы (C-O-5 санаты, 1 бірлік, "А" функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
226338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Тілдер және әдебиет
- Әлеуметтік ғылымдар
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Математика және статистика
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Инженерия және инженерлік іс
- Сәулет және құрылыс
- Агрономия
- Мал шаруашылығы
- Орман шаруашылығы
- Агроинженерия
- Көлік қызметтері
- Математика
- Информатика
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Металлургия
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Пайдалы қазбаларды байыту
- Туризм
- Әлеуметтік жұмыс
Қосымша талаптар
сонымен қатар көлік және орман инженерлік іс мамандықтары бойынша
Функционалды міндеттер
Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес баға және кәсіпорындар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізеді. Статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес таратылуы тиіс, статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде баға және кәсіпорындар статистикасы бойынша статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты таратуды жүзеге асырады. Баға және кәсіпорындар статистикасы бойынша статистикалық нысандар бойынша респонденттермен оқыту семинарларын өткізеді. Баға тіркеу кезінде деректердің сапасын және дәйектілігін қамтамасыз ету бойынша шараларды жүргізеді. Бөлімнің жұмыстар жоспарларына сәйкес статистикалық бизнес-тіркелімді, халықтың статистикалық тіркелімін,ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімін, тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізуді және өзектендіруді жүзеге асырады. Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын қызметті, іс-шараларды жоспарлау және статистикалық ақпаратты тарату бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді. Статистикалық ақпаратты қолданушылардың қанағаттану сауалнамалары туралы ақпаратты талдайды, ұйымдыстырады және жүргізеді, қолданушылардың қанағаттануын арттыру бойынша шаралар қабылдайды. Өндірістік кеңестер, семинарлар, бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз конференциялар, Департамент қызметінің сұрақтары бойынша «Ашық есік күндерін», «дөңгелек үстелдер» жүргізу үшін материалдар дайындайды. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсының Ұлытау бөлімінде ақпарат орналастыруды және жаңартуды үйлестіреді және бақылайды. Статистикалық жарияланымдарды корпоративтік стильді қолдану жөніндегі нұсқауға сәйкес ресімдеуді бақылауды іске асырады. Мемлекеттік құпияларды қорғауды, оның ішінде құпия іс-жүргізуді жүзеге асырады. Департаменттің Ақпараттық қауіпсіздік саясатын үйлестіреді және жүзеге асырады. Баға және кәсіпорындар статистикасы бойынша респонденттерге және аумақтық статистика бөлімдерінің мамандарына әдіснамалық көмек көрсетеді. Бөлімнің негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, мемлекеттік органдардың сұраныстарын қарауды және жауаптарды уақытылы және сапалы дайындауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.ryskulova@aspire.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты
-
8(7172)74-95-30