Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (C-O-5 санаты, 1 бірлік, "В" функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

227239

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмыстар жоспарларын, сапа саласындағы бөлімнің мақсаттарын және оларды орындауға бағытталған іс-шараларды қалыптастыруға қатысады. Құқықтық сұрақтарды қарастыру кезінде белгіленген тәртіпте Департамент мүддесін сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда білдіреді. Құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай- ақ заң сипатындағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады. Қазақстан Республикасының заңнамалығын насихаттау жөнінде жыл сайынғы іс-шараларды іске асырады, құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастырады. Шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді. Департамент қатысатын даулар бойынша талап - арыз жұмысының, сот практикасының жай- күйін талдайды. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Департаменттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдайды, сондай - ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібімен наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді.

Заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді. Әкімшілік өндірісті жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды. Бөлім құзыретіне кіретін негізгі емес қызмет мәселелері бойынша Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте белгіленгендей, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұрау салуларын уақытылы және сапалы қарауды және оларға жауаптар дайындауды қамтамасыз етеді. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүргізеді. Әкімшілік көздерге қатысты мемлекеттік статистика саласында профилактикалық бақылау нысанында әкімшілік көздерге бармай және бару арқылы мемлекеттік бақылауды жүргізеді. Респонденттерге алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мәселелері бойынша кеңес береді. Респонденттердің сұраулары бойынша статистикалық нысандардың тізімін ұсынады. Статистикалық есептілік нысандарын қайта қарау бойынша респонденттердің қатысуымен фокус-топтар өткізеді. Келесі есепті кезеңге статистикалық нысандар бланкілерін көбейту қажеттілігі туралы ақпаратты қалыптастырады. Бөлім қызметінің мәселелері бойынша аумақтық статистика бөлімдерінің мамандарына әдіснамалық көмек көрсетеді. Есептілік күнтізбесін қалыптастырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, мемлекеттік органдардың сұрау салуларына жауаптарды уақтылы және сапалы қарауды және дайындауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.09.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.09.2023 – 06.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30MB

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-95-30