Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Адами ресурстарды дамыту департаменті кадр жұмысы басқармасының басқарма басшысы (C-3 санаты, 1 бірлік, "А" функционалдық блогы, уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2024 жылғы 30 маусымға дейін)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
422437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Басқармаға басшылық ету. Басқарма қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, Басқарма алдына қойылған міндеттерді іске асыру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау. Бюроның және Бюроның аумақтық бөлімшелері құрылымының, штат санының және штат кестесінің жобаларын әзірлеу; Бюроның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді және Бюро қызметкерлерінің және Бюроның аумақтық бөлімшелері басшылығының лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу; мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты құжаттарын ресімдеу; Бюроның қайтадан қабылданған қызметкерлерін ҚР ҰҚК органдарының арнайы тексеріс жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Басқарма жұмысының бағыттары бойынша есептілікті жасау және қажетті есепке алуды қамтамасыз ету. Кадр мәселелері бойынша статистиканың аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлеріне практикалық және консультативтік көмек көрсету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.ryskulova@aspire.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты
-
74-97-87