Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті Статистикалық тіркелімдер архитектурасы және дамыту басқармасының сарапшысы, (1 бірлік, «В» функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Математика
  • Информатика
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу

Функционалды міндеттер

Бизнес-тіркелімді, ауыл шаруашылығы тіркелімін, тұрғын үй қорының тіркелімін және халық тіркелімін (бұдан әрі – статистикалық тіркелімдер) қоса алғанда, сәулет, даму және статистикалық тіркелімдерді жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру. Статистикалық тіркелімдерді жүргізу мәселелері бойынша ақпаратты Мемлекеттік дерекқорлармен және басқа да әкімшілік және баламалы көздермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Статистикалық тіркелімдер бойынша әдіснамалық материалдарды әзірлеу/жетілдіру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.08.2023 – 31.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 2 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қалысы, Мәңгілік Ел даңғылы , № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

74-97-87, 74-95-30