Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Ұлттық шоттар департаменті Өндіріс шоты басқармасының сарапшысы, (1 бірлік, «В» функционалдық блогы, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 14 қазанға дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Математика
- Информатика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Статистикалық жұмыстар жоспарының, мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын ұйымдастыру. Статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының жоспарлы және есептік құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және олардың орындалуына мониторингті жүзеге асыруға қатысу. ҰШЖ 2008 енгізумен байланысты жұмыстарды жүргізуге қатысу. Әдіснаманы, әдістемелік және нұсқаулық материалдарды әзірлеуге қатысу және ЖІӨ-ні өндірс әдісімен, сондай-ақ жалпы өңірлік өнімнің, қадағаланбайтын экономиканың есептеулерін жүргізу. Деректерді түрлендіру, өңдеу, талдау және модельдеу, үлкен деректермен жұмыс. Мамандандырылған бағдарламалардың көмегімен статистикалық талдауды жүргізу, есептеудің автоматтандыруын енгізу. Өз құзырет шегінде оқыту іс-шараларын өткізу. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшылығының жоспарларын, өкімдері мен тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау. Талдамалық баяндамалар, анықтамалықтар, жинақтар және өзге де жарияланымдар үшін кестелік және өзге де статистикалық материалдарды дайындау. Өз құзыреті шегінде ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл. Халықаралық іс-шаралар мен жобаларға қатысу, басқа елдердің статистикалық офистерімен ынтымақтастық.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- Астана қалысы, Мәңгілік Ел даңғылы , № 8, «Министерліктер үйі» әкімшілік ғимараты
-
74-97-87, 74-95-30