Қаржы статистикасы басқармасының бас маманы (санаты - С-О-5, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 2022 жылғы 26 наурызға дейін)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Әлеуметтік ғылымдар
- Математика
- Информатика
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпы мемлекеттік статистикалық бақылау жүргізу. Статистикалық көрсеткіштердің дұрыстығы мен дәлдігін қамтамасыз ету. Қаржы статистикасы жұмысының әдіснамасын сақтау, сапалы есептілікті қалыптастыру. Бастапқы статистикалық деректер базасы негізінде статистикалық бақылаулар деректерінің базасын құру. Талдамалы материалдар дайындау. мемлекеттік статистика саласында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексімен көзделген баптармен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру, сұраулар мен қорытындылар, әкімшілік іс жүргізудегі өзге де құжаттарды жасау. Статистикалық ақпараттарды пайдаланушылармен жұмыс істеу. Салалық тізімдемені жаңғырту. Департамент басшылығы белгілеген, басқа да өкілеттілікті жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 16.03.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан, 22
-
31-62-53, 31-95-94, факс: 41-28-91