Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тіл басқармасының бас сарапшысы («С» функционалдық блогы, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2023 жылғы 30 қазанға дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Математика
- Информатика
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Филология
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Статистика
Функционалды міндеттер
Бюроға келіп түсетін барлық хат-хабарларды қабылдау, бастапқы өңдеу; азаматтардың өтініштерін, шағымдары мен арыздарын тіркеуді қамтамасыз ету; «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттар мен басылымдарды қабылдау мен есепке алуды (тіркеуді) қамтамасыз ету; Бюро басшылығы бекіткен графикке сәйкес Бюро басшылығының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыруды қамтамасыз ету; «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар іс жүргізуі аяқталған істерді ведомстволық архивке тапсыруды қамтамасыз ету; Бюро басшылығының визасы бойынша хат-хабарларды жаңа мекенжайға жіберу және Бюро басшылығының бұрыштамасына сәйкес Бюроның құрылымдық бөлімшелеріне тарату; азаматтардың және ұйымдардың хаттары, өтініштерімен жұмыс істеу; жоғары тұрған органдар ПӘ, ПМК тапсырмаларымен жұмыс, Бюроның құрылымдық бөлімшелерінде істердің дұрыс қалыптастырылуын қамтамасыз ету, құжаттардың қозғалысы, олардың орындалуы, істерді Бюроның архивіне дайындау және беру; Істер номенклатурасын әзірлеуге қатысу; «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттар мен басылымдарды қабылдау мен есепке алуды (тіркеуді) қамтамасыз ету және Бюро басшылығының бұрыштамасына сәйкес Бюроның құрылымдық бөлімшелеріне бөлу. Шығыс хат-хабарларды БҚА-да тіркеу, пошталық және курьерлік байланыс ұйымдары арқылы Бюроның шығыс хат-хабарларын жөнелту бойынша жұмыстар; мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту бойынша жұмыстарды жүргізу, тілдер туралы заңнаманы сақтау; заң жобаларының, нормативтік-құқықтық актілердің, Бюро басшылығының бұйрықтары жобаларының, статистикалық материалдардың, ағымдағы хаттардың, баяндамалардың, баспасөз хабарламаларының мемлекеттік тілдегі аудармасының түпнұсқаға сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; Басқарма жоспарларында көзделген жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету; Бюроның ҚР тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі тиісті жылға арналған іс шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту; Агенттікке ҚР тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы ақпаратты дайындау, Бюродағы және оның аумақтық органдарындағы тілдік жағдайға (іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуін) талдау және мониторинг жүргізу; мемлекеттік тілді насихаттау және оқыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру; Басқарма жұмысының жылдық жоспарын қалыптастыруға қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс
-
74-97-87, 74-95-30