Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті Статистикалық тіркелімдер архитектурасы және дамыту басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік «А» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Математика
- Информатика
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
Функционалды міндеттер
Бизнес-тіркелімді, ауыл шаруашылығы тіркелімін, тұрғын үй қорының тіркелімін және халық тіркелімін (бұдан әрі – статистикалық тіркелімдер) қоса алғанда, сәулет, даму және статистикалық тіркелімдерді жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру. Мемлекеттік органдардың деректер қоры мен әкімшілік көздер неізінде статистикалық тіркелімдерді өзектендіру. Статистикалық тіркелімдер бойынша әдіснамалық материалдарды әзірлеу/жетілдіру. Статистикалық тіркелімдерді жүргізу және толықтыру сапасын бақылау. Статистикалық тіркелімдерді жүргізу мәселелері бойынша ақпаратты Мемлекеттік дерекқорлармен және басқа да әкімшілік және баламалы көздермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Бюроның нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының операторларынан келіп түскен әдіснамалық мәселелер бойынша ақпарат беру мерзімдерін қамтамасыз ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- город Астана, проспект Мәңгілік Ел, дом № 8, административное здание «Дом министерств», подъезд № 4
-
74-97-87, 74-95-30