Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті Коммуникацияларды тарату және дамыту басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік «А» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Математика
- Информатика
- Филология
- Аударма ісі
- Дизайн
- Баспа ісі
- Журналистика
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Қоғамдық байланыс
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Полиграфия
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Ресми статистикалық ақпаратты тарату процесін ұйымдастыру және жетілдіру; мемлекеттік статистиканың және ұлттық деректер экожүйесін дамыту Портфелінің жобаларын іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру; Бюроның бірыңғай байланыс орталығының қызметіне мониторингті үйлестіру; ресми статистикалық ақпаратты тарату саласындағы салалық және аумақтық департаменттердің қызметін үйлестіру; ресми статистикалық ақпаратты тарату мәселелері бойынша пайдаланушылармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру; Бюроның Интернет-ресурсында статистикалық жарияланымдарды орналастыру мерзімдерінің сақталуын бақылауды үйлестіру; бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ)өзара іс-қимыл жасау және жұмысты үйлестіру; шарттық міндеттемелер шеңберінде статистикалық жарияланымдарды дайындау,көбейту және тарату бойынша қызмет көрсетушілердің қызметін ұйымдастыру (санақ бойынша жарияланымдарды қоспағанда); «ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау іс-шараларын жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 ғимарат, «Министрліктер Үйі», № 4 кіреберіс
-
74-97-87, 74-95-30