Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Ауыл шаруашылығы статистикасы және ұлттық санақтар департаменті Аграрлық сектор статистикасы басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік, «А» функционалдық блогы, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 21 қыркүйекке дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Агрономия
- Математика
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Аграрлық техника және технология
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Ауыл (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы), орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы бойынша статистикалық байқаулар жүргізуді қамтамасыз ету.
Статистикалық жұмыстар жоспарының сапалы және уақтылы орындалуына жауапкершілік.
Статистикалық ақпараттың дұрыстығы мен сапасын, оның жеделдігі мен өзектілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу.
Әдістемелік, әдіснамалық және нұсқаулық материалдарды, статистикалық құралдарды, статистикалық есептілік нысандары бойынша формальды емес міндеттердің қойылымын әзірлеу; аграрлық сектор статистикасын жетілдіру бойынша жұмыстар орындау (өндіріс көлемі, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаржы-шаруашылық қызметін, саланың материалдық-техникалық базасын бағалау, озық технологияларды пайдалану және басқа да көрсеткіштер);
Ұлттық есеп шоттары үшін ауыл шаруашылығы бойынша есептерді жүзеге асыру.
Аграрлық сектор статистикасы бойынша аумақтық бөлімшелердің статистикалық байқауларды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша әдіснамалық және тәжірибелік көмек көрсету бөлігіндегі жұмысын үйлестіру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 ғимарат, «Министрліктер Үйі», № 4 кіреберіс
-
74-97-87, 74-95-30