Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің Балқаш ауданының Статистика басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің 2023 жылғы 04 қыркүйекке дейінгі жүктілікке және босануға арналған демалысы мерзіміне)(индекс №11-2).
Алматы облысы
259515
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқық
- Жерге орналастыру
- Ветеринария
- Экономика
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Құрылыс
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
- Қызмет көрсету (білім саласы)
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Туризм
- Әлеуметтік жұмыс
- Кадастр
- Бағалау
- Логистика (сала бойынша)
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Білім: физика
- Білім: информатика
Қосымша талаптар
инженер-механик немесе инженер-гидротехник немесе техник-электрик немесе техник-технолог немесе инженер-технолог немесе инженер-экономист
Функционалды міндеттер
Алғашқы статистикалық, сондай-ақ жиынтық ақпараттар мен мәліметтер базасын жинау, бақылау, өңдеу және талдау. Статистикалық жұмыстар жоспарының толық, сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету; Басқарма басшысы болмаған кезде оның міндеттерін атқару, жергілікті атқару органдары өткізетін аппараттың кеңестерде, отырыстарда және әртүрлі іс-шараларда басқарманы ұсыну; Шаруашылық есеп жүргізу мәліметтерінің дұрыстығын нақтылау бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу. Респонденттерге статистикалық есептерді әзірлеу және оны уақытылы статистикалық органдарға ұсыну мәселесі бойынша, соның ішінде электронды түрде кеңестік көмек көрсету; статистикалық мәліметтер базасының және ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру, туризм, жерге орналастыру, әлеуметтік жұмыс, кадастр, бағалау, логистика (сала бойынша), құрылыс және инвестициялар бойынша есеп жүргізу; Статистикалық бақылау, біржолғы зерттеулерді және ауыл шаруашылығы бойынша санақты ұйымдастыру және жүргізу; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау, қарау және әкімшілік жаза қолдану; математикалық формуларды қолдану арқылы есептеу; Мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде жұмыс істей білу. Функционалдық блогы "А"
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы қаласы, Абай даңғылы 125
-
телефон 8 (727) 277-62-59