«ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ Ішкі әкімшілендіру басқармасының басшысы

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

С-О-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

299966

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда үш жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Блок "В". Бухгалтерлік есепті және Департаменттің қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру. Бюджетті жоспарлау, бюджеттік өтінімді құру, бюджеттің орындалуына бақылау жасау. Салық есебін құру және ұсыну. Мемлекеттік сатып алудың жүргізуін ұйымдастыру және бақылау. Басқарма қызметін басқару. Департамент басшылығымен анықталған өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.05.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.05.2023 – 15.05.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қостанай қ., Майлин көш., 2/4

Анықтама алу үшін байланыс

+7 7142 53 54 17