ҚР СЖжРА ҰСБ Алматы қаласы бойынша департаментінің Сауда статистикасы басқармасының бас маманы (негізгі қызметкердің 2023 жылғы 30 маусымға дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне)
Алматы қаласы
259515
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Агрономия
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Функционалдық блок: А
Лауазым деңгейі: 5
Статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық нысандар бойынша статистикалық байқауларды өткізу; «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-бабы 17), 18) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, «Кәсіпорынның (тауарлар, қызметтер) өндіру және жөнелту туралы есеп» 1-КО (айлық), «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлармен өзара сауда туралы есеп» 2-сауда (айлық), «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» 1-КПЭ (жылдық) «Энергияның соңғы тұтынуы», 1-НЕФТЬ (жылдық) «Мұнай өндіруші, мұнай өңдеуші кәсіпорындардың және мұнай өнімдерін сататын кәсіпорындардың қызметі туралы есеп», 1-УГОЛЬ (жылдық) «Көмір кәсіпорындарының қызметі туралы есеп», 1-ЭЛЕКТРОЭНЕРГИЯ (жылдық) «Электр энергиясын өндіру, беру, тарату және сату туралы есеп», 1-Газ (жылдық), «Газ желісі туралы есеп» 12-сауда (жылдық), «Сауда тауарлары бойынша есеп» 6-ТП (жылдық) «Жылу электр станциялары мен қазандықтардың жұмысы туралы есеп», 1-Биржа (жылдық) «Тауар биржасының қызметі туралы есеп»,1-ВТ (жылдық) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп», G-003 (жылдық) «Автожанармай құю, газ құю және газ толтыру станцияларының қызметі туралы есеп», Э-коммерция (жылдық) «Электрондық коммерция туралы есеп» нысандары бойынша бастапқы статистикалық деректерге бақылау және өзгерестер енгізуді жүзеге асыру; статистикалық тіркелімдер деректерін бастапқы статистикалық және әкімшілік деректердің негізінде жаңғыртуды өткізу; статистикалық ақпаратты (жинақтардың, бюллетендердің, жедел ақпараттардың, баяндамалардың) статистикалық материалдардың шығару кестесіне сәйкес дайындау; негізгі көрсеткіштер бойынша серпінділік қатарларын жүргізу; SpRecord мамандандырылған жүйесі арқылы респонденттерге автохабарлауды жүзеге асыру үшін кәсіпорындар тізімін уақытылы ұсыну; респонденттермен Басқарма сұрақтары бойынша және оn-line тәртібіне көшіу бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізу; анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсынғанын анықтау бойынша респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды, респонденттерге бармай профилактикалық бақылау түрінде жүргізу; бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібінің бұзылғаны айқындалғанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау туралы ұсыныстарды енгізу; респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрмалағаны айқындалғанда респонденттерден бастапқы статистикалық деректер бар статистикалық нысандарға түзетулерді енгізуді талап ету; ресми көздерден, соның ішінде мемлекеттік органдардың ресми Интернет-ресурстарынан алынған мәліметтерге мониторинг жүргізуде, Заң басқармасымен өзара әрекеттесуді жүзеге асыруға қатысу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, кіріс хаттардың жауаптарын дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.shaikakova@aspire.gov.kz
- город Алматы, проспект Абая, 125
-
8 (727) 375-21-88