Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментіКадр жұмысыбасқармасының бас сарапшысы, (С-4 санаты, «В»функционалдық блогы, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 18 қарашаға дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
100000 - 300000
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Филология
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
Функционалды міндеттер
Ұйымдық-кадрлық жұмысты жүргізу. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге аттестацияны, тәртіптік комиссияның отырыстарын, мемлекеттік лауазымға үміткерлерді конкурстық іріктеуді, конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдауды және конкурстық комиссияның қарауына дайындауды ұйымдастыру және өткізу; статистика органдарының қызметкерлерін мемлекеттік және өзге де наградалармен марапаттауға арналған марапаттау құжаттарын дайындау; «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарының жинағын дайындау. Ұлттық статистика бюросының мемлекеттік қызмет кадрларының мониторингі бойынша есептерді және аумақтық статистика бөлімшелері бойынша жиынтық есептерді құрастыру; Ұлттық статистика бюросының орталық аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру; Ұлттық статистика бюросы қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, Ұлттық статистика бюросында тәлімгерлік пен тағылымдама бойынша жұмысты ұйымдастыру. Аумақтық статистика бөлімшелерінің қызметкерлеріне кадрлық мәселелер жөніндегі тәжірибелік және консультативтік кеңес беру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс
-
74-94-46, 74-95-29