Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Ақпараттық технологиялар департаменті Ақпараттық жүйелерді үйлестіру және интеграциялау басқармасының басшысы, (С-3 санаты, «A» функционалдық блогы, 1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
100000 - 300000
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Психология
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Жаратылыстану ғылымдары: физика
- Білім: математика
- Білім: физика
- Білім: информатика
- Іскерлік әкімшілікжүргізу
Функционалды міндеттер
Басқармаға басшылық ету, Басқарма қызметін ұйымдастыру және үйлестіру. Басқармаға жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуына, еңбек тәртібінің сақталуына жауапты. Бюро ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін және техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етуді бақылау және үйлестіру. Бюро ақпараттық жүйелерінің мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын бақылау және ұйымдастыру. Статистикалық процестерді жүргізу саласындаақпараттық жүйелер мен технологияларды құру, сүйемелдеу, дамыту және жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Басқарма қызметкерлері дайындайтын құжаттардың сапасын және уақтылығын бақылау. Басшылықтың тапсырмаларының сапалы және уақытында орындалуын бақылау. Бюро басшылығының тапсырмасы бойынша, өз құзыретінің шеңберінде басқа мемлекеттік органдарда және мекемелерде Бюро атынан өкілдік ету.Өз құзыреті шегінде халықаралық жобаларға қатысу. Өз құзыреті шегінде Бюроның бюджеттік бағдарламаларын жоспарлауға қатысу.Қазақстан Республикасының статистика мәселері бойынша нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс
-
74-94-46, 74-95-29