Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Баға статистикасы департаменті Тұтыну бағаларының статистикасы басқармасының бас сарапшысы, (С-4 санаты, «A» функционалдық блогы, 2 бірлік)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
100000 - 300000
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Математика
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Экономиканың тұтыну секторындағы бағалардың өзгеруіне статистикалық байқауды ұйымдастыру және үйлестіру; экономиканың тұтыну секторындағы бағалар статистикасының көрсеткіштерін, сондай-ақ бағаларды жинау әдістерін жетілдіруді қамтамасыз ету;
экономиканың тұтыну секторындағы бағалардың өзгеруін байқауды ұйымдастыру бойынша әдіснамалық және нұсқаулық материалдарды дайындау;
экономиканың тұтыну секторы бағаларының серпіні мен деңгейі туралы талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау;
сатушылар (қызметтерді жеткізушілер) және хабарландыру сайттарында тауарлар мен қызметтердің жекелеген түрлеріне тұтыну бағалары мен тарифтерді орталықтандырылған жинауды жүзеге асыру;
Бюроның аумақтық органдармен ұсынылған алғашқы статистикалық деректердің, шығарылым көрсеткіштердің нақтылығын тексеруді жүзеге асыру;
Бюроның аумақтық органдарына әдіснамалық және тәжірибелік көмек көрсету бойынша сапарларға қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс
-
74-94-46, 74-95-29