15. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық, гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар жəне технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес, техникалық ғылымдар жəне технологиялар, Қызмет көрсету, Білім.

    Функционалды міндеттер

    Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізеді.

    Ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүргізеді.

    Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бармай профилактикалық бақылау нысанында әкімшілік көздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізеді.

    Статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес  таратылуы тиіс,  статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты таратуды жүзеге асырады.

    Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде өтеулі қызмет көрсету шартын орындау бойынша интервьюерлердің жұмысын бақылайды.

    Ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша респонденттермен және отын мен энергияны тұтынуы статистикасы бойынша интервьюерлермен оқыту семинарларын өткізеді.

    Ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша респонденттерге және аумақтық статистика бөлімдерінің мамандарына әдістемелік көмек көрсетеді.

    Бөлімнің негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, мемлекеттік органдардың сұраныстарын қарауды және жауаптарды уақытылы және сапалы дайындауды жүзеге асырады.

    Статистикалық нысынадарды ұсынудың алдағы мерзімдерін еске сала отырып, ақпараттық парақтардың таралуын қамтамасыз етеді.

    Қазақстан Республикасының заңнамалықтарына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

    Жарияланған күні: 28.04.2023

    Жалпы конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    02.05.2023 – 12.05.2023
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу күні

    16.05.2023

    Сұхбаттасу орны

    Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы, 1Б

    Анықтама алу үшін байланыс

    8 (7102) 41-07-60, 8747 453 43 10