14. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2024 жылғы 14 желтоқсанға дейін)
Ұлытау облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық, гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар жəне технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес, техникалық ғылымдар жəне технологиялар, Қызмет көрсету, Білім.
Функционалды міндеттер
Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізеді.
Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімшілік дереккөздерге қатысты әкімшілік дереккөздерге бармай профилактикалық бақылау жүргізу арқылы мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүргізеді.
Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы бойынша респонденттерге қатысты респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізу нысанында мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүргізеді.
Статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес таратылуы тиіс, статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы бойынша статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты таратуды жүзеге асырады.
Жұмыспен қамту статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде өтеулі қызмет көрсету шартын орындау бойынша интервьюерлердің жұмыстарын бақылайды.
Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы бойынша респонденттермен және интервьюерлермен оқыту семинарларын жүргізеді.
Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы бойынша респонденттерге және аумақтық статистика бөлімдерінің мамандарына әдістемелік көмек көрсетеді.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, бөлімнің негізгі қызметі сұрақтары бойынша мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын жүзеге асырады.
Статистикалық нысынадарды ұсынудың алдағы мерзімдерін еске сала отырып, ақпараттық парақтардың таралуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының заңнамалықтарына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 16.05.2023
- Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы, 1Б
-
8 (7102) 41-07-60, 8747 453 43 10