13. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс бөлімінің басшысы, C-O-4 (1 бірлік)
Ұлытау облысы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес, техникалық ғылымдар жəне технологиялар.
Функционалды міндеттер
Бөлім қызметіне басшылық етеді, бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына, бөлімдегі атқарушылық және еңбек тәртібінің жағдайына жеке жауапкершілік жүктеледі.
Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын қызметті, іс-шараларды жоспарлау және статистикалық ақпаратты тарату бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді және бақылайды.
Бөлім құзыретіне жататын сұрақтар бойынша Департамент жұмысын жоспарлауды және іс-шараларды ұйымдастырады.
Департаменттің басшысының сөз сөйлеулеріне материалдар дайындайды.
Жиынтық статистикалық жарияланымдарды шығаруды ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы интернет-ресурсының Ұлытау бөлімінде ақпарат орналастыруды және жаңартуды бақылайды.
Статистикалық ақпараттың жариялығын және оны насихаттауды кеңейту сұрақтары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекет етуді ұйымдастырады.
Өндірістік кеңестер, семинарлар, бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз конференциялар, Департамент қызметінің сұрақтары бойынша «Ашық есік күндерін», «дөңгелек үстелдер» жүргізуді ұйымдастырады және оларға материалдар дайындауды қамтамасыз етеді.
Ақпараттық қызмет бойынша (статистикалық жарияланымдардың дизайны, беттеу) шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылайды.
Статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың сауалнамасын жүргізуді ұйымдастырады және бақылайды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді.
Құжаттама жасаудың бірегей тәртібін, құжаттармен жұмыс жасауды ұйымдастыруды, құжаттардың орындалуын және құжаттарды Департамент архивіне тапсыру үшін дайындауды қамтамасыз етеді.
Департаменттің ведомстволық архивінің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды.
Істер номенклатурасын әзірлеуді, келісуді, бекітуді және практикаға енгізуді ұйымдастырады және бақылайды.
Ұлттық санақтар жоспарын іске асыруды ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды.
Департаментте Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің орналастырылуын және қолданылуын бақылайды.
Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 16.05.2023
- Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы, 1Б
-
8 (7102) 41-07-60, 8747 453 43 10