9. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті баға статистикасы бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық, гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар жəне технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес, техникалық ғылымдар жəне технологиялар,  Қызмет көрсету,  Білім.

    Функционалды міндеттер

    Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізеді. Баға статистикасы бойынша респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүргізеді. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бармай профилактикалық бақылау нысанында әкімшілік көздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізеді. Статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес  таратылуы тиіс,  статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде баға статистикасы бойынша статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты таратуды жүзеге асырады.

    Баға статистикасы бойынша статистикалық нысандар бойынша респонденттермен оқыту семинарларын өткізеді. Баға тіркеу кезінде деректердің сапасын және дәйектілігін қамтамасыз ету бойынша шараларды жүргізеді. Баға статистикасы бойынша респонденттерге және аумақтық статистика бөлімдерінің мамандарына әдіснамалық көмек көрсетеді.

    Бөлімнің негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, мемлекеттік органдардың сұраныстарын қарауды және жауаптарды уақытылы және сапалы дайындауды қамтамасыз етеді.

    Статистикалық нысынадарды ұсынудың алдағы мерзімдерін еске сала отырып, ақпараттық парақтардың таралуын қамтамасыз етеді.

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

    Жарияланған күні: 28.04.2023

    Жалпы конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    02.05.2023 – 12.05.2023
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу күні

    16.05.2023

    Сұхбаттасу орны

    Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы, 1Б

    Анықтама алу үшін байланыс

    8 (7102) 41-07-60, 8747 453 43 10