7. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті әлеуметтік және демографиялық статистика бөлімінің басшысы, C-O-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2024 жылғы 31 шiлдеге дейін)
Ұлытау облысы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық, гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар жəне технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес, техникалық ғылымдар жəне технологиялар, Қызмет көрсету, Білім.
Функционалды міндеттер
Бөлім қызметіне басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына, бөлімдегі атқарушылық және еңбек тәртібінің жағдайына жеке жауапкершілік жүктеледі.
Бөлім қызметін жоспарлауды жүзеге асырады, бөлім жоспарларының орындалуын бақылайды және қамтамасыз етеді.
Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес, демографиялық статистика, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және құқық бұзушылық статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық бақылауларды ұйымдастырады, бақылайды және жүргізеді.
Статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес таратылуы тиіс, статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде демографиялық статистика, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және құқық бұзушылық статистикасы бойынша статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды ресми статистикалық ақпаратты таратуды қалыптастыруды ұйымдастырады, бақылайды.
Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бармай профилактикалық бақылау нысанында әкімшілік көздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады, бақылайды және жүргізеді.
Демографиялық статистика, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру статистикасы бойынша респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады, бақылайды және жүргізеді.
Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде өтеулі қызмет көрсету шартын орындау бойынша интервьюерлердің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды.
Бөлімнің негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, мемлекеттік органдардың сұраныстарын қарауды және жауаптарды уақытылы және сапалы дайындауды қамтамасыз етеді.
Ұлттық санақтар жоспарын іске асыруды ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды.
Статистикалық нысынадарды ұсынудың алдағы мерзімдерін еске сала отырып, ақпараттық парақтардың таралуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының заңнамалықтарына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 16.05.2023
- Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы, 1Б
-
8 (7102) 41-07-60, 8747 453 43 10