5. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті ішкі әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес.

    Функционалды міндеттер

    Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындайды, веб-порталда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі функцияларын орындайды, электрондық мемлекеттік сатып алу саласында Бірегей оператормен өзара іс әрекет етеді.

    Тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлейді және оны Веб-порталға орналастырады; белгіленген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгертулер енгізеді.

    Белгіленген мерзімдерге сәйкес тікелей шарт жасау жолымен бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы есептерді веб-порталға орналастырады.

    Тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге қажеттіліктің жоспарлық номенклатурасын құрады.

    Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша үнемделген бюджеттік қаржыға талдау жүргізеді.

    Соттың шешімі негізінде мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тіркеліміне енгізуге өтінім береді.

    Көрсетілген қызмет актілеріне сәйкес статистикалық тексерулер бойынша көрсетілген қызметтер үшін өтеулі қызметтер көрсету шарттары брйынша қабылданған жеке тұлғаларға сыйақылар есептеуді жүргізеді.

    Коммуналдық қызметтерді, байланыс қызметтерін және басқа да жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша шарттардың жобаларын дайындайды.

    Өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қабылданған басқа да дебиторлармен мен кредиторлармен, өнім берушілермен және мердігерлермен, жеке тұлғалармен есеп айырысу бойынша міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың есебін жүргізеді.

    Дебиторлық берешекті өндіріп алу және кредиторлық берешекті өтеу, төлем тәртібін сақтау, басқа  дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуларды салыстыру және түгендеу жөніндегі жұмысты орындайды.

    Тиісті учаскелер бойынша бухгалтерлік есептердің алғашқы құжаттарын қабылдайды және есептік өңдеуге дайындайды.

    Қолданыстағы бюджет заңнамалығының талаптарына сәйкес нысаны, толтыру толықтығы мен дұрыстығы бойынша сәйкес коммуналдық төлемдер, байланыс қызметтері, жайларды жалдау төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық жіктегішінің ерекшеліктері бойынша электрондық банк құжаттарын жасайды және ресімдейді.

    Бухгалтерлік есеп қағидаларына сәйкес мемориалдық-ордерлік нысан бойынша бухгалтерлік есеп жүргізеді.

    Қаржы, мемлекеттік сатып алулар саласында барлық құқықтық актілерге құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

    Құқықтық сұрақтарды қарастыру кезінде сотқа, сондай-ақ өзге ұйымдарға жүгіну үшін құжаттарды белгіленген тәртіпте және мерзімдерде дайындауды қамтамасыз етеді.

     «1С-Кәсіпорын» бағдарламасында, «Қазынышылық-Клиент» ақпарат жүйесінде жұмыс істейді.

    Қазақстан Республикасының заңнамалығымен анықталған Бөлім бойынша басқа міндеттер мен функцияларды іске асырады.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

    Жарияланған күні: 28.04.2023

    Жалпы конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    02.05.2023 – 12.05.2023
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу күні

    16.05.2023

    Сұхбаттасу орны

    Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы, 1Б

    Анықтама алу үшін байланыс

    8 (7102) 41-07-60, 8747 453 43 10