1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)
Ұлытау облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес, техникалық ғылымдар жəне технологиялар.
Функционалды міндеттер
Департаменттің жұмыстар жоспарларын қалыптастырады және олардың орындалуын бақылайды.
Жиынтық статистикалық жарияланымдарды шығаруды жүзеге асырады.
Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын қызметті, іс-шараларды жоспарлау және статистикалық ақпаратты тарату бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді.
Статистикалық ақпаратты қолданушылардың қанағаттану сауалнамалары туралы ақпаратты талдайды, ұйымдыстырады және жүргізеді, қолданушылардың қанағаттануын арттыру бойынша шаралар қабылдайды.
Ақпараттық қызмет бойынша (статистикалық жарияланымдардың дизайны, беттеу) шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылайды.
Өндірістік кеңестер, семинарлар, бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз конференциялар, Департамент қызметінің сұрақтары бойынша «Ашық есік күндерін», «дөңгелек үстелдер» жүргізу үшін материалдар дайындайды.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсының Ұлытау бөлімінде ақпарат орналастыруды және жаңартуды үйлестіреді және бақылайды.
Ақпараттық қызметтерге (статистикалық жарияланымдардың дизайны, беттеу) техникалық ерекшелік дайындайды.
Статистикалық жарияланымдарды корпоративтік стильді қолдану жөніндегі нұсқауға сәйкес ресімдеуді бақылауды іске асырады.
Мемлекеттік құпияларды қорғауды, оның ішінде құпия іс-жүргізуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте белгіленгендей, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді.
Өз құзіреті шегінде өтінішітерді рәсімдеу бойынша жеке және заңды тұлғаларға консультациялар жүргізеді.
Департаменттің электрондық мекенжайына келіп түскен электрондық почтаны қабылдауды және таратуды жүзеге асырады.
Заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша есептерді дайындауды және уақытылы ұсынуды жүзеге асырады.
Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсетеді.
Тіл саясаты бойынша мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Тіл саясаты бойынша мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шараларды әзірлейді және орындалуын қамтамасыз етеді.
Тілдерді қолдану және дамыту туралы Ұлттық статистика бюросына, және Тілдерді дамыту басқармасына есептер дайындайды.
Құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударады.
Құжаттардың, статистикалық жарияланымдардың мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде бірегейлігін қамтамасыз етеді.
Департамент қызметшілерін мемлекеттік, ағылшын тілдеріне үйрету мәселелері бойынша Тілдерді дамыту басқармасымен өзара әрекет етеді.
Мемлекеттік тілінде іс жүргізуді, статистикалық жарияланымдарды дайындауды бақылайды және әдістемелік көмек көрсетеді.
Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 16.05.2023
- Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы, 1Б
-
8 (7102) 41-07-60, 8747 453 43 10