Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыАқпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғаубасқармасының бас сарапшысы, (С-4 санаты, «B» функционалдық блогы, 1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
259515
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Жаратылыстану ғылымдары: физика
- Білім: математика
- Білім: физика
- Білім: информатика
Функционалды міндеттер
Басқарманың жұмыс жоспарында көзделген жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру; Бюроның Ақпараттық қауіпсіздік саясатының орындалуын қамтамасыз етуді бақылау және ұйымдастыру; Бюроның активтерін басқарумен байланысты рәсімдерді жүргізу; Бюроның ақпараттық қауіпсіздік тәуекелі мен қауіп-қатерлерін басқарумен байланысты жүргізу; Бюроның ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті ұйымдастыруға өтінімдерді тіркеу және тексеру; Қазақстан Республикасының бекітілген Заңнамасына сәйкес сәйкестендірілмеген деректер қорларының құпиялылығының сақталуын тексеру; Бюро және оның аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі мен ақпараттық жүйелерге, телекоммуникациялар жүйелеріне, есептеуіш және ұйымдастыру техникаларына техникалық қолдауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау; Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу; Басқарма құзіреті шеңберінде Бюроның бюджеттік бағдарламаларын жоспарлауға қатысу; мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және келісуге қатысу; статистика саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Бюроның жоспарлық және есепті құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және олардың орындалуына мониторингті жүзеге асыруға қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету; өз құзыретінің шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге жіберілген азаматтарға қатысты тексеру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету; мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; өз құзыретінің шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы басқа да мәселелерді шешу; құпия іс қағаздарын, түскен және дайындалған құжаттарды есепке алуды және тіркеуді жүргізу, сондай-ақ олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру; ведомстволық аумақтық статистика органдарында мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру, рұқсат алу үшін арнайы сараптама жүргізу; ведомствоға бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне семинарлар, нұсқаулықтар және тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс
-
74-94-46, 74-95-29