"ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ-нің Қостанай ауданының Статистика басқармасының басшысы

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

C-O-3 (Басқарма басшысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

351281

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Математика
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Блок "А". Басқарма қызметіне басшылық ету. Басқарманың құзыретіне кіретін бөлігінде статистикалық жұмыстар жоспарының уақтылы және сапалы орындалуын үйлестіру және бақылау; Статистика бағыттары (өнеркәсіп және қоршаған орта, ауыл шаруашылығы, құрылыс және инвестициялар, еңбек және тұрмыс деңгейі, бағалар, құрылымдық статистика, сауда, қызметтер, әлеуметтік және демографиялық статистика) бойынша статистикалық ақпаратты қалыптастырудың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету, семинар-кеңестерді ұйымдастыру және өткізу, Әкімшілік дереккөздермен және респонденттермен өзара іс-қимыл жасау. Әкімшілік дереккөздерге қатысты және респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Сапа менеджменті жүйесінің және қызметтік әдеп талаптарын сақтау. Департамент басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.03.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.03.2023 – 14.03.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қостанай қ., Майлин көш., 2/4

Анықтама алу үшін байланыс

+ 7 7142 53 54 17