Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің Сауда, қызмет көрсету және баға статистикасы басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің 2025 жылғы 07 қарашаға дейінгі бала күтіміне арналған демалысы мерзіміне) (индексі №9-9).

Аймақ

Алматы облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

259515

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Экономика
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Туризм
  • Жерге орналастыру
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Кадастр
  • Бағалау
  • Логистика (сала бойынша)

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Есептілік пен біржолғы зерттеу материалдарын талдау; облыс төлқұжаты мен серпінділік қатарын жүргізу, экономикалық шолуларды шығару; Статистикалық мәліметтердің уақытылы, сапалы, дәйектілігін қамтамасыз ету; статистикалық ақпараттардың дұрыс және сапалы толтырылуын бақылау, талдау, серпінділік қатарын жүргізу, материалдарды департаменттің сайтына отырғызу; Ұйымдар мен кәсіпорындарда алғашқы есеп пен есептіліктің дұрыстығын тексеру, есептік деректердің дұрыстығына тексеруді ұйымдастыру және жүргізу. Тексеруді қорытындылау; Нұсқаулық шолу хаттарын дайындау, нұсқаулар мен семинарлар өткізу; Мәліметтердің сақталу және архивталу жүйесінің қызметін, статистикалық мәліметтер базасының және ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Е-статистика жұмысын алып жүру; заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау, қарау және әкімшілік жаза қолдану; көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру, туризм, жерге орналастыру, әлеуметтік жұмыс, кадастр, бағалау, логистика (сала бойынша) бойынша есеп жүргізу; Мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде жұмыс істей білу. Функционалдық блогы "А".

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.03.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.03.2023 – 16.03.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Абай даңғылы 125

Анықтама алу үшін байланыс

телефон 8 (727) 277-62-59