ҚР СЖжРА ҰСБ Алматы қаласы бойынша департаментінің Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен және респонденттермен жұмыс басқармасының бас маманы (негізгі қызметкердің 2023 жылғы 29 мамырға дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне)
Алматы қаласы
225881
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Филология
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Журналистика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Халықаралық журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қоғамдық байланыс
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Экология
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Туризм
- Қаржы
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Қосымша талаптар
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: ауыл шаруашылығы және биоресурстар (ауыл шаруашылығы).
Функционалды міндеттер
Функционалдық блок: В
Лауазым деңгейі: 4
Департаменттің жұмыс жоспарын, Департаментпен жарияланатын статистикалық материалдардың тізімін, баспасөз хабарламасы жоспарын, жариялау кестесін қалыптастыруға қатысу; баспасөз конференцияларын, брифингтерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға арналған оқыту семинарларына қатысу; шығарылатын ақпараттық материалдарды дайындау және қатысу; Департаменттің құзыретіне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты ұйымдастыру; Басқарманың қызмет аясына қатысты іс-шаралар мен баспасөз хабарламалары мен басқа да ақпараттық материалдарды сапалы және уақтылы шығаруды дайындау; статистикалық материалдарды шығарудың кестелеріне сәйкес «Корпоративті стильді пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес статистикалық материалдардың шығарылуын бақылау; қысқаша және толық статистикалық жылнамалардың және «Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы» журналын қысқаша және толық бөлімдерін дайындауға және шығаруды үйлестіруге қатысу; статистикалық материалдарды «Корпоративті стильді пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкестігін тексеру; Департаменттің қызметі шеңберінде, Департаменттің интернет-ресурсында ақпараттың орналастырылуын бақылау; жергілікті басқару органдарын және пайдаланушылардың басқа топтарын уақтылы, жиынтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету, жиынтық статистикалық ақпаратты алу мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғаларға кеңес беру; функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті статистикалық нысандар бойынша статистикалық әдіснаманы және басқа құжаттарды зерделеуге; статистикалық есеп нысандары бойынша респонденттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, сонымен қатар телефон арқылы; респонденттермен оn-line тәртібіне көшіу бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізуге; респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүргізілетін жұмыстарды жүзеге асыруға; басшылықтың бұйрықтарын, өкімдерін және тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау; респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсынудың бекітілген кестесіне сәйкес айлар бойынша статистикалық күнтізбені қалыптастыруға, оны операциялық залдағы электронды таблода орналастыруға және жаңартуға; респонденттің статистикалық нысанының екінші данасында одан алғашқы статистикалық деректерді алғаны туралы жазба еңгізуге (белгі) не респонденттен алғашқы статистикалық деректерді алғаны туралы жазбаша растау құжаттарын (бекітілген үлгіде) беруге; алғашқы статистикалық деректерді қабылдауды жүзеге асыруға және оларды «е-Статистика» ИАЖ-дағы «Бір терезеде» есептерді қабылдау» модулінде тіркеуге, алғашқы статистикалық деректерді салалық басқармалардың арасында бөлуге; респонденттердің байланыс деректерін (нақты мекенжайы, е-mail, телефон нөмірлері) «е-Статистика» ИАЖ-ға еңгізуге; алғашқы статистикалық материалдарды қабылдау кезінде заңнамада белгіленген тәртіпте олардың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге; қабылданған статистикалық есептерді салалық басқармаларға қол қою арқылы беруге; респонденттердің сұрауы бойынша ағымдағы жылға статистикалық нысандардың тізімін (жүгіртпе) қағаз нұсқада немесе электронды пошта арқылы ұсынуға; автоқоңырау кестесін жасау, автоқоңырау бойынша жұмыстарды жүргізу; салалық басқармалармен бірлесіп есепті жылға респонденттер мен Басқарма қызметкерлері үшін оқыту семиналарының графигін құрастыруға; салалық басқармалармен бірлесіп алғашқы статистикалық деректерді тапсыру мәселелері бойынша белгіленген кестеге сәйкес респонденттерге оқыту семинарларын жүргізуге, кеңес беруге, материалдар дайындауға, респонденттердің ұсыныстарын қарастыруға; респонденттерге бастапқы статистикалық деректердің және статистикалық байқаулар әдістерінің толықтығы, уақыттылығы, растығы және құпиялылығы жөнінде қойылатын негізгі талаптар туралы түсінік беруге; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамаға сәйкес алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс қозғау үшін, белгіленген мерзімде алғашқы статистикалық деректерді ұсынбаған респонденттердің есептерін хабарландыру хатымен бірге заң басқармасына ұсынуға; Департаменттің іс қағаздарын жүргізу, құжаттарды қабылдауды және бастапқы өңдеуді жүзеге асыру, құжаттаудың үлгілік қағидаларына сәйкес поштаны жіберу; мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін және шығатын құжаттарды БҚА-ға тіркеу және уақытылы орындалуын бақылау және бірегей нөмірлі талондар беру; жоғары тұрған органдарға белгіленген тәртіпте есептілікті дайындау және уақтылы ұсыну; Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау және белгіленген мерзімде есеп тапсыру; Департаменттің жиынтық істер номенклатурасын әзірлеу; мұрағат ісін жүргізуге, құжаттардың ведомстволық сақтауын ұйымдастыру, құжаттарды мұрағат қорына тұрақты сақтауға дайындау мен өткізу; қатаң есептілік бланкілерін есепке алу, сақтау және жою; Департаменттегі БҚА жұмысының бақылауын жасау; кіріс және шығыс телефонограмманы бақылау және есепке алу; Департамент басшылығымен азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру; Департаменттің басқармаларына іс жүргізу, ведомстволық мұрағат жұмысы және мемлекеттік тілді насихаттау мәселелері бойынша тиісті түсініктемелер беру; серверлерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу; статистикалық деректер қоры мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Желілерге, серверлерге және телекоммуникациялық құрылғыларға мониторинг жүргізу және «е-Статистика» ИАЖ-дың жұмысын бақылау; Департаменттің серверлік және коммуникациялық жабдықтарының үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету; адами факторының әсерін болдырмау үшін Департамент қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауына профилактикалық жұмыстар жүргізу; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, кіріс хаттардың жауаптарын дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.shaikakova@aspire.gov.kz
- город Алматы, проспект Абая, 125
-
8 (727) 375-21-88