ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Қарағанды облысының Статистика департаментінің еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасының жетекші маманы (C-О-6 санаты, 1 бірлік, № 11-8)
Қарағанды облысы
153 751
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
Қосымша талаптар
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңын білуі.
Функционалды міндеттер
Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес еңбек статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізеді. Еңбек статистикасы бойынша респонденттерге қатысты респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізу нысанында мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүргізеді. Еңбек статистикасы бойынша статистикалық жұмыстар жоспарында қарастырылған көлемде, ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес ресми статистикалық ақпаратты таратуды және статистикалық жариялымдардың қалыптастыруын жүзеге асырады. Еңбек статистикасы бойынша респонденттермен оқыту семинарларына материалдар дайындайды және қатысады. Еңбек статистикасы бойынша респонденттерге және аумақтық басқармалар мамандарына әдістемелік көмек көрсетеді. Басқарманың негізгі қызметі сұрақтары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңнамалықтарына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.
С блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
statkrg@aspire.gov.kz
- 14.04.2023
- Қарағанды қаласы Чкалов көшесі 10 үй
-
анықтама телефондары: 8-7212-41-45-31, факс: 8-7212-41-45-70