Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс бөлімінің басшысы, C-O-4 (1 бірлік)
Маңғыстау облысы
259516
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Бөлім жұмысын жоспарлауға, ұйымдастыруға, үйлестіруге және орындалуын қамтамасыз етуге. Өз құзыретінің шеңберінде Департамент басшысының бұйрықтарының, өкімдері мен тапсырмаларының белгіленген мерзімде сапалы да уақтылы орындалуын бақылауға. Департаменттің жоспарлы және есептік құжаттарын әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыруға және олардың орындалуына мониторинг ұйымдас-тыруды жүзеге асыруға. Бөліммен ұйымдастырылатын Бөлімнің өкілеттігіне жататын сұрақтар бойынша жиналыстарға, семинарларға, нұсқаулықтар, дөңгелек үстелдерге материалдарды жинауға қатысуға. Сапа менеджменті жүйесі бойынша құжаттар жобаларын жасау мен өзектендіруді ұйымдастыруға және үйлестіруге. Сапа менеджменті жүйесінің СТ РК ISO 9001-2016 талаптарына сәйкестігін бекіту мақсатында ішкі сапа аудитін жүргізуге қатысуға. Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық материалдардың сапалы дайындалуын қамтамасыз етуге.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 21.02.2023
- город Актау, 23 мкр., 41 дом
-
+7(7292)319155