Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының бас маманы
Батыс Қазақстан облысы
259515
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Информатика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Қаржы
Қосымша талаптар
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида), негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Әлеуметтік және демографиялық статистика бойынша статистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді; АСБ алынған алғашқы статистикалық мәліметтердің дерекқоры негізінде әлеуметтік статистикасы бойынша статистикалық байқаулар мәліметтерінің дерекқорын қалыптастыру және респонденттерге және әкімшілік дереккөздерге қатысты қадағалауды басқару; статистикалық байқау әдіснамасына сәйкес бастапқы статистикалық мәліметтерді қадағалау; жинақ, бюллетеньдер, жедел ақпараттар мен баспасөз хабарламаларын және басқа статистикалық материалдарды дайындап шығару; біржолғы статистикалық байқаулар жүргізуге қатысу; интервьюерлер жұмысын ұйымдастыру, нұсқама өткізу және олардың жұмыс сапасын бақылау; салалық каталогтерді жүргізу және оны жаңғыртуды жүзеге асыру; номенклатураға сәйкес істерді құру, құжаттарды сақтауға дайындау, үнемі сақталатын істердің тізімін құрастыру, уақытша сақталатын істерді жою актілерін дайындау; статистикалық тіркелім деректерін өзектендіруге қатысу; респонденттермен, АСБ мамандарымен және мемлекеттік органдармен семинарлар өткізу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.umbetiyarova@aspire.gov.kz
- Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 үй
-
(8-7112)50-95-25