Заң бөлімінің бас маманы (С-0-5 санаты, 1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Аймақ

Шымкент қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

225881

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңңамаларына сәйкес респонденттерге  құқықтары мен міндеттерін   түсіндіру, алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзған респонденттерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша процессуалдық жұмыстарды жүргізу, құжаттарды дайындап басшылықтың қарауына ұсыну жұмыстарына басшылық жасау,  Департаменттің  салалық бөлімдерінен, респонденттермен жұмыс жөніндегі бөлімнен алынған, «е-Статистика» ИАЖ-да байқаулар қорытындылары бойынша автоматты режимде  қалыптастырылатын  тізімдерге және тіркелімдер бөлімінен алынатын респондент туралы байланыс деректеріне сәйкес алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбаған респонденттерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы   істерді уақтылы қозғау.  Басшылықтың және бөлім басшысының тапсырмаларын  белгіленген  мерзімде  орындау, өз құзыреті шегінде  кіріс және шығыс құжаттары   бойынша  тұжырымдарды уақтылы дайындау,  Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша басқармасымен  әкімшілік құқық бұзушылық  істері бойынша жүргізілетін жұмыстарды уақытылы орындау.  Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жұмыстарын жүргізу, Департаментте жалпы құқықтық оқытулар бойынша,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл іс-шаралары бойынша жұмыстар жүргізу. Әкімшілік құқық бұзушылық  істері бойынша айыппұл салынған қаулылардың мерзімінде  орындалуын бақылау жұмыстарын жүргізу, мерзімінде төленбеген айыппұлдар бойынша заңнамаға сәйкес мәжбүрлеп орындау шаралары бойынша жұмыстарды жүргізу.

          Функционалдық блогы: В-4.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.01.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

31.01.2023 – 02.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

06.02.2023

Сұхбаттасу орны

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлаужәне реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті» РММ, 160012, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 30 а

Анықтама алу үшін байланыс

8 7252 39 50 45