ҚР ҰЭМ СК Атырау облысының Статистика департаментінің Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасының жетекші маманы (уақытша, 07.07.2021ж. дейін бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне)
Атырау облысы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
Қосымша талаптар
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Функционалды міндеттер
Статистикалық жұмыс жоспарында көзделген статистикалық жұмыстарды On-line бағдарламасында уақытылы жинау және тексеру. Е-қызмет, ЭҚАБЖ-мен жұмыс жасай білу. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша статистикалық есептілікті жинау, тексеру, бақылау жасауды жүзеге асыру, біржолғы есеп жүргізу және зерттеу. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша статистикалық бюллетендерді, жедел-ақпараттарды, статистикалық жинақтар мен өзге де материалдарды өз уақытында және сапалы дайындау. Статистикалық бизнес тіркелімді жаңғырту, респонденттердің статистикалық байқаулармен толық қамтылуын қамтамасыз ету. Өз саласына қатысты ұйымдастырылған семинарлар мен кеңестерге қатысу. Респонденттермен ұсынылатын алғашқы статистикалық деректердің өз уақытында, сапалы және толық болуын бақылау. Респонденттермен және аудандық статистика басқармаларымен семинар-кеңес ұйымдастыру. БАҚ-мен, мемлекеттік органдар және респонденттермен жұмыс істей білу. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқармада басқа мамандар болмаған жағдайда, олардың қызметтік міндеттерін атқару.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 03.07.2020
- г.Атырау, ул. Махамбета, 116 «б»
-
8(7122)32-42-56