ҚР ҰЭМ СК Атырау облысының Статистика департаментінің Тіркелімдер басқармасының жетекші маманы (С-О-6, уақытша, 01.09.2020ж. дейін бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне)

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Функционалды міндеттер

Статистикалық бизнес тіркелімі, Тұрғын үй қоры тіркелімі ақпараттық жүйелерін жаңғыртып отыру. Электронды құжат айналым құжаттармен жұмыс жасау. Ай сайын басқармаларға жеке, салалық каталогтар жасақтап, оларды жинақтап, статистикалық тіркелімге үнемі өзгеріс енгізу. Барлық әкімшілік дереккөздермен өзара іс-қимыл, статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру үшін олардан әкімшілік деректерді алу, каталогтарды қалыптастыру үшін тізімдерді әзірлеу. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындау. Әкімшілік дереккөздерге және респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау (профилактикалық бақылау) жүргізуге қатысу. Статистикалық бизнес тіркелімдегі проблемалы бірліктерді түзету. Қалыптастырылған каталогтар бойынша салалық басқармалардың ескертулерімен жұмыс істеу. Заңды тұлғаларды, филиалдарды, өкілдіктерді және дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) деректерін өңдеу. Белгіленген тәртіпте салалық каталогтар бойынша өзгерістерді талдау, растау немесе бас тарту. Каталогтарды қалыптастыру үшін тізімдерді әзірлеу. «е-Статистика» ИАЖ «Бір терезеде» есептерді қабылдау» модулі арқылы респонденттермен жұмыс жөніндегі басқармадан алған байланыс мәліметтерін (нақты мекен-жайы, байланыс телефондары, е-mail) өңдеу. Жеке кәсіпкерлерді статистикалық бизнес тіркелімге енгізу. Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді On-Iine бағдарламасында жинауды қамтамасыз ету және Департамент басқармаларына уақытылы табыс ету. Бекітілген әдістемеге сәйкес алғашқы статистикалық деректердің сапасын қамтамасыз ету. Е-қызмет, ЭҚАБЖ арқылы жұмыс жасалуын қамтамасыз ету. Белгіленген талаптарға және Қауіпсіздік саясатына сәйкес алғашқы статистикалық деректерді қоса алғанда, құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылған әдістемелік ұсынымдарымен уақытылы танысып, жұмыс бабында кең түрде пайдалану.  Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқармада басқа мамандар болмаған жағдайда, олардың қызметтік міндеттерін атқару.   

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 18.06.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.06.2020 – 29.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

03.07.2020

Сұхбаттасу орны

г.Атырау, ул. Махамбета, 116 «б»

Анықтама алу үшін байланыс

8(7122)32-42-56